Абай ауданында 1500-ге жуық үй заңсыз салынған

54

Абай ауданында заңсыз салынған 1475 үй бар. Оны тұрғындар ешқандай құжат пен келісімсіз өздері тұрғызып алған.

Ал оның 400-ден астамында адамдар өмір сүруге жарамсыз. Қазір бұл жер учаскелері әкімдік бақылауына алынған. Аудан әкімі олардың мәселесі алдағы уақытта заң шеңберінде шешілетінін айтады.

«Бұл тек заң аясында шешіледі деп күтіп отырмыз. Қазір бұл бізде 2024 жылға өзекті мәселе емес. Бірақ соңғы 4-5 жылда көп болып жатыр. Аталған мәселені алдағы уақытта сот арқылы заңмен шешеміз», – Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов.