Белгісіз дәріні сатқаны үшін сотқа тартылды

33

Фармацевтикалық қызмет ережелері мен дәрі-дәрмектердің айналымы саласын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сайрам аудандық соты «A»-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік бұзушылық кодексінің 426-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бойынша қозғалған әкімшілік істі қарады.

Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 426-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған «A» өзінің дәріханасында белгісіз Т дәрісін сатқан. Тексеру барысында аталған белгісіз дәрі Қазақстанда тіркелмегені анықталған. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 23 бабы 1 тармағының талаптары сақталмаған.
«A» «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 426-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, фармацевтикалық қызметтік лицензиясын 1 ай мерзімге тоқтата тұрып және 100 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл жазасы қолданылды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.