А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының басқарма төрағасы Болатбек Баймахановтың тікелей қолдауымен білікті дәрігерлер Түркістан облыстық орталық ауруханасында болып, жергілікті дәрігерлермен тәжірибе алмасты.
Тәжірибе алмасу барысында уролог-трансплантолог Ернұр Белгібаев, Ислам Мададов, Ельшад Набиевтер орталық аурухана дәрігерлерімен бірлесіп, жағдайы ауыр 2 науқасқа бүйрек трансплантациясын жасап, ота сәтті өтті.
Бүгінгі таңда науқастар мен донорлардың жағдайы қалыпты жағдайда.