Қазақстанда газбен жүретін көлік мінетіндер көбейді. Бұл туралы ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.
Статистикаға сүйенсек, биылдың өзінде 4 668 мың автокөлік тіркелген. Оның 87,6 пайызы жеңіл автомобильдер, 10,3 пайызы жүк автомобильдері және 2,1 пайызы автобустар.
Жалпы пайдаланатын отын түрі бойынша көліктің 82,4 пайызы бензинмен жүреді. Аралас отынмен жүретін автомобильдердің үлесі – 7,6 пайыз, дизель отынымен – 7,4 пайыз. Ал газбен жүретін автомобильдердің саны өткен жылмен салыстырғанда 1 642-ге көбейген.