Биыл Қаратау ауданында 50 км асфальт жабындысы төселеді

64

 

Биыл Тұран шағынауданы 100 пайыз көріз жүйесіне қосылады. Қазір аймақта бірқатар құрылыс жұмысы жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар Қаратау ауданында 8 гүлзар мен демалыс орындары ел игілігіне беріледі. Сондықтан аймақ басшысы құрылыс орындарын аралап, жұмыс барысымен танысып қайтты.

Қаратау ауданында абаттандыру жұмысы қарқын алды. Биыл аймақта 8 гүлзар халық игілігіне беріледі. Соның бірі Тұран шағынауданында орналасқан. Қазір онда аяқжол салынып, ағаш егіліп жатыр. Жергілікті тұрғындар жаңа аллеяның ашылатынына қуанышты. Себебі бұған дейін кешкі серуен құрып, балалардың ойнайтын алаңшасы алыс болыпты.

Яхия Қалқожаев, Тұран елдімекенінің орам басшысы: «Құдайға шүкір, аймағымыз әсемделіп келеді. Оны өздеріңізде жақсы білесіздер. Мына жақта емхана, Тұран көпқабатты үйлер жақта, не дегенмен де ауданымыз көркейіп келе жатыр. Қуанышымыз қойнымызға сыймай отыр».

Қазір ауданда 7 аллея мен саябақ бар. Ал биыл тағы демалыс орындарын ашу арқылы 24 мың тұрғынға жайлы орта қалыптастыру жоспарланған.


Құдайберген Қалдықараев, Қаратау ауданы әкімінің орынбасары: «Қазір Тұран шағын ауданы №79 мектептің алдында гүлзар салынып жатыр. Бұл тұрғындарға қолайлы жағдай жасау, демалыс орнын салу, көгалдандыру жұмысы жүргізіліп жатыр».

Тұран ауданы 80 пайыз кәріз жүйесіне қосылған. Қазір құрылыс жұмысының 3 кезеңі қарқын алды. Мамандар шағынауданда ішкі орам жұмыстары жыл соңына дейін толықтай аяқталатынын айтады.

Төлепбек Орынбасаров, Инфрақұрылымды дамыту басқармасының бас маманы: «Қазір аяқталмаған 3 орам қалды. Ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін толыққанды жұмыстарды аяқтап, ел игілігіне беру жоспарланған. Қазір 50 км-дің 41 км-і аяқталып қойды»

Ал 70 көшеге орташа жөндеу жұмысы жүргізіледі. Атап айтқанда 50 км жолға асфальт салынса, 33 км жерге шағал тас төсеу көзделіп отыр. Сонымен қатар жыл соңына дейін 34 аула мен 7 спорт алаңшасы қолданысқа беріледі.

Рақымберді Мүлкеманов, Қаратау ауданының әкімі: «Қазір біздің келіп тұрғанымыз 28 кварталдағы спорт алаңшасы. Мұнда сақтандыру уақыты бітіп қалған. Сондықтан әкімдік өзімізге алып, бүлінген жерлерін қайта қалпына келтіріп жатырмыз. №25,№26 кварталдарда да құрылыс басқармасы алаңшаларды өздері салып береді. Ал біз қазір көгалдандыру жұмысын жүргізіп жатырмыз»

Айта кетейік, аймақта 2023 жылы тағы 30 көшеге жарықшамдар қойылады. Нәтижесінде жалпы саны 151 жолдың бойы жарықтандырылады. Сонымен қатар, жол қауіпсіздігін бақылау мақсатында аймаққа 240 камера қойылатын болады.