Шардара ауданында былтыр 135 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Ал негізгі капиталға тартылған инвестиция 35,5 млрд. теңгеге жетті. Бұл туралы аудан әкімі Қайрат Жолдыбаев мәлімдеді.
Биыл көрсеткішті 45,5 млн. теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Бүгінде 2022-2027 жылдары жалпы құны 40,8 млрд. теңгені құрайтын 23 жобаны іске қосып, 1 025 адамға жаңа жұмыс орнын ашу қолға алынған.
Бұдан бөлек биыл «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2 796 азаматты жұмыспен қамту көзделген. Өткен жылы 3 998 адам екі қолға бір күрек тапқан еді.