Биыл Шымкентте 250-ден астам жасқа 2,5 %-бен несие беріледі

50

Биыл Шымкентте 260-қа жуық жас жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, өз кәсібін дөңгелетуге мүмкіндік алады. Бұл ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастардың кәсіпкерлігін дамыту үшін жылдық 2,5 пайыз жеңілдікпен микрокредит беру тапсырмасы аясында жүзеге асырылғалы отыр.

Несие беру үшін республикалық бюджеттен 1 305,0 млн. теңге қарастырылған. Кредит мерзімі – 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығы үшін алса, 7 жылға дейін беріледі. Айта кетейік, бүгінде 2 комиссияның отырысы өтті. Онда 63 құжат қаралып, 31 адам комиссияның оң қорытындысын алды.

Жалпы жеңілдетілген несиені жаңадан кәсіп ашқысы келетін немесе кәсіпкерлікпен айналысатын 21 жастан 35 жасқа дейінгі азаматтар ала алады.