Биыл Шымкентте 3 мыңнан астам отбасы баспаналы болады

49

Шымкентте мемлекеттік бағдарлама аясында жыл басынан бері 1293 отбасы баспаналы болды. Оның 1047-не «5-20-25» бағдарламасымен, 246 пәтер «2-10-20 Бақытты отбасы» бағдарламасымен берілді.

Ал жыл соңына дейін 324 арендалық пәтер түрлі санаттағы азаматтарға, 888 пәтер жұмыс істеп жүрген жастарға, 1919 пәтер несиелік негізде беру жоспарлаған.

Бұдан бөлек, биыл өңірлік Qamqor бағдарламасы алғаш рет іске асқалы отыр. Бұл бағдарлама ең алдымен тұрғын үй кезегі санаттарына енбейтін сала мамандарына арналған.