Екі жас жігіт зардап шеккен бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

69

Ордабасы ауданындағы ауылдардың бірінде екі жас жігіт зардап шеккен бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жәбірленушілер орталық ауруханаға түрлі жарақаттармен түсті.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысы бар күдіктілер анықталып, оларды ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.
Іс Түркістан облысы ПД басшылығының бақылауында. Сондай-ақ болған оқиғаның толық мән-жайын анықтау бойынша тексеру жүргізілуде.