Кәмелетке толмаған екі қыз жүкті болып қалған: Бас педагог не дейді?

280

Шымкентте кәмелетке толмаған екі қыз жүкті болып қалған. Екі оқиғада да олардың аналары жеңіл жүрісті ретінде есепте тұрғаны белгілі болған. Осындай фактілер туралы ақпаратпен бөліскен қаланың бас ұстазы мұндай келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін ата-аналардың жауапкершілігін күшейтіп, жасөспірімдер арасында ағартушылық жұмыстарын жүргізу қажет  деп есептейді.

Шымкентте жеңіл жүрісті ретінде есепте тұратын екі әйелдің қыздары кәмелет жасына толмай жүкті болып қалған. Арзан сезімге беріліп, арандап қалған жасөспірімдердің жағдайы туралы қаланың бас педагогы ашып айтты. Бала тәрбиесінде ата-ананың жауапкершілігін арттыра отырып, оларды ұстаздармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуге шақырған басшы, учаскелік инспекторлардың жұмысын да қайта жандандыру қажет деп есептейді Жанат Тәжиева.
Жанат Тәжиева, Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы: «Бүгінгі күні мен аты-жөнін айтудан аулақпын екі оқиға орын алып отыр. Екі оқиғада да  қыздардың аналарының жеңіл жүрісті ретінде есепте тұрғаны белгілі».

Мамандардың сөзінше, ерте жүкті болып қалған кез-келген қыз бала психологиялық дағдарысқа ұшырайды. Іс насырға шауып, шарасыз қалған жасөспірім көп жағдайда әке-шешесінен,туған-туыстарынан қысылып жатады. Ал кәмелетке толмаған қыздардың осындай қадамға баруына не себеп?

Жанат Тәжиева, Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы: «Бірінші себеп: ата-анасының тәлім-тәрбиесінің төмендігі. 2-ші жағынан ата-анасының  баласымен ара-қатынасы жоқтығы. Біліми, ғылыми жағынан сауатсыздығы. Сондықтан, осы бағыттағы жұмысты білім ұйымдарында көбірек насихаттап, дәрігерлерді шақырып, сынып сағаттарын арнайы пән ретінде қойып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Баланың тәрбиесінде учаскелік инспекторлардың  жасөпірімдермен жұмысын жандандыру керек деп  ойлаймын».

Қыз бала жоспарланбаған жүктіліктен сақтанудың тәсілдері туралы ата-анасымен жиі әңгімелесуі керек. Бұл ретте, жыныстық тәрбие туралы кітаптар бұл тақырыпта жасөспірімнің сауатын ашып, ненің дұрыс, ненің бұрыс екеніндігін үйретеді.

Жанат Тәжиева, Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы: «Кеңес дәуірінің заманында тәрбие алғанбыз. Мені ата-аналар телеарнадан көріп, шошып кетуі мүмкін. Шетелде оқушыларға мұшеқап тарқатады. Өзіңді қорға, сақтан деп. Ал біздің қазақтың салт-дәстүрінде «ұят болады1 деген бар. 1Ондай нәрсеге жолама ұят болады, тәртіпті жөнде1 деп айтатын үлкендер.  Ғылыми жағынан сауатты болу керек»7

Бұл мәселеде педагогтарды дәрігерлер де қолдап отыр. Олардың пікірінше, балаларға ұл мен қыз баласының анатомиялық-физиологиялық фукциясының ерекшеліктерін ерте жастан түсіндіре беру қажет. Отбасында әкесі ұлына, шешесі қызына жыныстық қатынасты ерте бастаудың соңы немен аяқталатынын түсіндіруі қажет.