Қазақстанда әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға коммуналдық қызмет бағасы арзандайды. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев мәлімдеді. Сөзінше, шығынды азайту мемлекет тарапынан көрсетілетін тұрғын үй көмегі аясында өтеледі.
Жалпы өткен жылдың соңында өтемақы мөлшері мен оны алуға үміткерлердің қатарын ұлғайтуға өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде биыл І тоқсан қорытындысы бойынша 17 мың отбасыға 372 млн. теңгеден астам тұрғын үй көмегі көрсетілген.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы қажетті барлық жүйені жаңғыртуға және күрделі жөндеуге бағытталған «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыруды тапсырған еді.