Массажисті тонап кетті

82

Тұран аудандық полиция басқармасының «102» арнасына тонаушының құрбаны болған әйел хабарласты. Шақырту алғаннан кейін оқиға орнына жедел-тергеу тобы аттанды. Полицейлер жәбірленушімен сөйлесу барысында хабарландыру сайты арқылы ер адамның хабарласып, массажист қызметіне тапсырыс бергенін анықтады. Ол массаж бөлмесіне келіп, бірден әйелге шабуыл жасап, қорқытып, өзінің шотына 21 мың теңге көлемінде ақша аудартып, ізін суытқан.

Аталған жайтты тергеушілер ҚК-тің 191- бабы 2-бөлігі « жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолданып не осындай күш қолдану қатерін төндіру» бойынша тіркеуге алды.
Күдіктінің жеке басын анықтау және ұстау үшін тәртіп сақшылары бірқатар іс-шараларды жүргізді. Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жедел уәкілдер оны тәулік ішінде қала көшелерінің бірінде ұстады. Ол бұрын алаяқтық және ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған 35 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі уақытта ер адам қамауда.
Өз кезегінде, полиция қызметкерлері қарақшылық шабуылға тап болмау үшін мұқият болуға және қымбат заттарды жарнамаламауға шақырады. Егер, сіз тонау қылмысының құрбаны болсаңыз шабуылдаушының сыртқы түрінің кез-келген ерекшеліктерін есте сақтауға тырысыңыз және бұл туралы полицияға уақыт жоғалтпай хабарлаңыз.