Мектеп қызметкерлері электрлі шөп оратын машина жасап шығарды

168

Келес ауданының тұрғыны Маулен Сытыбаев №27 Н.Тілендиев атындағы жалпы орта мектебінде 20 жылдан бері кіші қызметкер болып жұмыс істейді. Мектеп қызметкері өз қолымен шөп оратын электрлік шөп оратын машина құрастырды. Мектеп ауласы кең болғандықтан, мұндай техникаға деген қажеттілік бары анық. Ауыл тұрғынының бұл өнертабысқа деген сұранысы артуда екен.

— Мұндай машинаны жасауға бір күн ғана уақыт кетеді. Ол үшін ескі коляска, қарапайым насостың электромоторы және қолара болса жеткілікті. Бұл менің жасап шығарған бесінші машинам. Ауыл тұрғындары 5000-10000 теңгеге сатып алып та жатады. Жалпы тұрмыстық жағдайда қолдануға ыңғайлы, — дейді Маулен Абдурахманұлы.
Маулен Абдурахманұлы қазіргі таңда 61 жасқа толып отыр. Зейнет жасына жақындаса да еңбек етуден жалықпайтын ауыл тұрғыны ауыл тұрғындарының техникаларын да жөндеп беріп тұрады.