Мемлекеттік қарызды өтеуге және қызмет көрсетуге 2,9 трлн. теңге жұмсалған

34

Былтыр Қазақстан мемлекеттік қарызды өтеуге және қызмет көрсетуге 2,9 трлн теңге жұмсаған. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Наталья Годунова мәлімдеді. Айтуынша, қазір мемлекеттік қарыз қауіпсіз шекте.

«Мемлекеттік борыш жалпы ішкі өнімге шаққанда 24,6 пайызды құрады. Қарыздарды өтеуге және қызмет көрсетуге барлық табыстың 25%-і және республикалық бдюджеттің 16%-і немесе 2,9 трлн теңге жұмсалды. Барлық табыстың 25 пайызы туралы айтсақ, біз мұны бәрібір де көп деп санаймыз», — деді Годунова мәжілісте 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті таныстырып.
Жоғары аудиторлық палатасының төрағасының айтуынша, 2030 жылға қарай үкіметтік борыш өседі деген тәуекел бар.
«Бізде аталған кезеңге шектеу жалпы ішкі өнімге шаққанд 27%-тен аспау керек деп белгіленген. Алайда сарапшылар қарыз 49 пайызға дейін өседі деп болжап отыр», — дейді палата төрағасы.
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік борыш – 25,3 трлн теңге. Оның ішінде үкіметтің қарызы ЖІӨ-ге шаққанда 21,7% немесе 22 трлн теңгені құрап отыр.
2022 жылы бюджет тапшылығы 2,4 трлн теңге немесе ЖІӨ-ге шаққанда 2,4% құрады. Бюджет тапшылығы ішкі көздер есебінен қаржыландырылған.