Мүлік және көлік салығынан қарыз слмасы 29 миллиардтан асқан

42
фото Егемен

1 миллионнан астам қазақстандықтың мүлік пен көлік салығы бойынша жалпы сомасы 29,1 миллиард теңге болатын қарызы бар. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, оның 27,9 млрд теңгесі – көлікке салынатын салық бойынша қарыз.

«Осы жылдың 26 мамырынан бастап берешек сомасы 1 айлық есептік көрсеткіштен асатын борышкерлердің тізімі өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыларға жіберілетін болады. Заңнамаға сәйкес жеке сот орындаушылар банктік шоттар және мүлікке тыйым салуға құқылы. Сондай-ақ берешек сомасы 40 айлық есептік көрсеткіштен асқан кезінде борышкерге Қазақстан Республикасынан шығуға тыйым салынуы мүмкін», — делінген комитет хабарламасында.

Сондай-ақ, жеке сот орындаушылары борышкерден берешек сомасынан бөлек сол қарыздың 25 пайызына дейінгі мөлшерде қосымша ақы өндіріп алады. Салық бойынша берешектің бар-жоғын e-Salyq Azamat мобильді қосымшасынан тексеруге болады.