Құжатсыз көлік басқарған мас жүргізушіні құрықталды

36

Арыс ауданының полицейлері қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде, «Арыс-Шымкент» тас жолында күдік тудырған «Опель Астра» маркалы автокөлікті тоқтатты. Тексеру кезінде тәртіп сақшылары жүргізушінің мас күйінде және құжатсыз көлік басқарғанын анықтады.

Сондай-ақ арыстық жүргізуші бұған дейін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша жауапқа тартылғаны анықталды. Яғни 2021 жылдың көктемінде ішімдік ішіп, заң бұзған жүргізушіні сот 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырып, 15 тәулік әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындаған. Алайда автокөлік жүргізуші теріс әрекетінен ешқандай қорытынды шығармай, автокөлікті мас халде жүргізген.
Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК-нің 346-бабы «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру» бойынша тіркелген. Автокөлік айыптұраққа қойылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жұргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда