Шымкентте жол оқиғасын азайту мақсатында 12 бағдаршамдар орнатылды. Одан бөлек, 450 шақырым көшеге жол таңбалары сызылды.
Сонымен қатар көлік жүргізушілері және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірқатар жұмыс жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, қалада 4000 жол белгісі орнатылған. Ал 800 метр жасанды жол кедергілерін әлеуметтік маңызы бар мекемелердің алдына қою жоспарланған.
Айта кетейік, жыл соңына дейін қалада 3500 жол белгісі орнатылатын болады.