Шымкентте екі жасөспірім 6 жасар бүлдіршінді құтқарып алды

137

 

Оқиға Шымкент қаласындағы Игілік тұрғын алабының аумағынан ағып өтетін Бадам өзені бойында 2023 жылғы 10 мамырда орын алған.

Шомылуға келген бір топ бала өзенге кішкентай бала батып кеткені туралы айтады. Алғашқы сәтте бұған сенбеген Ердәулет пен Рамазан оқиға орнына барады. Суда баланың денесі қалқып жүргенін көріп, оны жағаға алып шығады.

Рамазан Аманкелдиев бүлдіршіннің іші ісіп, өзі көгеріп келе жатқанын байқап, тез арада реанимациялық іс-әрекеттерге кіріседі.

Ол шаршаған сон, қасындағы Ердәулет Шыңғысхан әрі қарай реанимациялық іс-әрекеттерді жалғастырады. Тоқтаусыз жасаған әрекеттері өз нәтижесін берді. Жас баланың ауызынан су шығып, демала бастайды. Өзіне келген бала не болғанын түсінбей жылай бастайды. Бұны көрген Рамазан мен Ердаулет қуанып кетеді.

Осылайша дер кезінде көмекке келіп, дәрігерлік алдын медициналық көмек көрсеткен екі жасөспірім оқушылардың арқасында кішкентай балапан аман қалды.
Бүгінгі күннің батырлары қаладағы №128 жалпы орта мектептің 8 сынып оқушысы Ердаулет Шыңғысхан және оның досы 9 сынып оқушысы Рамазан Аманкелдиев.