Шымкентте көкөніс өсірудің жаңа технологиясы қолданылмақ

39

Енді шымкенттік дихандар көкөністерді жаңа технологиямен егеді. Инновациялық жаңалықтарды өндіріске енгізу мақсатында ауыл шаруашылығы мамандары және шаруа қожалықтардың төрағалары бас қосып, арнайы жиын өткізді.

Жиында оңтүстікте отандық және шетелдік селекция бойынша салат көкөністерінің ең озық сорттарын конвейерлік технологиямен қалай өсіруге болатыны талқыланды.

Жалпы жасыл көкөністерді өсірудің бұл технологиясы жыл бойы салат көкөністерін алуға мүмкіндік береді дейді мамандар.