Шымкентте оқушыларға арналған JOO.KZ фестивалі өтті

39

Шымкентте жыл сайынғы дәстүр бойынша JOO.KZ түлектер фестивалі өтті. Оқушыларға ұлттық біріңғай тестілеудегі өзгерістерді түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған шараға еліміздегі жоғары оқу орындары, ҰБТ орталығының өкілдері мен JOO.KZ платформасының жетекшілері қатысты. 9 мыңға жуық оқушының грантқа түсуіне себеп болған онлайн платформа бүгінде мектеп ашып, шәкірттерді тестілеуге офлайн дайындауды қолға алған.

JOO.KZ-те оқыған түлектердің 90 пайыздан астамы грант иегері атанады. Мұны жыл сайынғы көрсеткіштер дәлелдеп келеді. Жалпы үш жыл алдын ашылған платформа қазіргі таңда бір айда 100 мың адамды ақпараттандырып, білім беріп отыр. Ал ҰБТ-ға дайындық мектептерінде 1500-ден астам оқушы білім алуда.

Нұрасыл Икрам,Шымкент JOO High school мектебінің директоры:
«Біздің негізгі ерекшелігіміз-саналы тәрбие сапалы білім. Яғни, «талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым ойлап қой» демекші, осы бес асыл іс бойынша оқушыға білім-тәрбие беріп жатырмыз. Жәнеде біздің көптеген жетістіктеріміз бар. Мысалы, жоокз компаниясы құрылғалы бері, бірінші жылы мың бала оқыттық. Оның 992-і грантқа түсті. Екінші жылы 8500 бала оқыттық, оның 8 мыңы ҚР грантын жеңіп алды».

Оқушыларға мектептің ерекшелігі мен ҰБТ-дағы өзгерістерді түсіндіру мақсатында Шымкент қаласында JOO.KZ фестивалі ұйымдастырылды. Шара барысында екі мыңдай шәкіртке тестілеу сынағында қалай жоғары көрсеткішке қол жеткізуге болатыны және қай оқу орны арқылы грант жеңіп алу мүмкіндігі бар екенін айтылды.

Нұрғали Елшібек, JOO High school мектебінің академиялық директоры:
«Былтыр біз Шымкентте мектеп ашқанбыз, қазір үш мектеп бар. Алматы, Шымкент, Ақтауда. Бұйырса, Шардарада және Атырауда осы жылы ашамыз. Біз не үйретеміз? Таңдауды жасауды үйретеміз. Саған не керек? Қандай пән керек? Қандай деңгейде керек? Ол үшін сен не жасайсың? Жалпы біз оқушыны тұлға етіп қалыптастырамыз».

Бұдан бөлек фестиваль барысында еліміздің алдыңғы қатарлы университеттерінің өкілдері көрме ұйымдастырып, болашақ талапкерлердің мамандық пен ЖОО таңдауға қатысты сұрақтарына жауап береді.

Мекен жайы: Шымкент қаласы, Бәйдібек би 14/1

Лицензия: KZ31LAA00032623
2022 жылғы 14 қыркүйек берілген