Шымкентте Seitzhan school инновациялық мектебінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Білім ордасы 900 оқушыға шақталған. Заманауи оқу орны «Шымсити» шағынауданында орналасқан. Құрылтайшылары білім-инновация халықаралық қорының өкілдерімен келісім жасасқан мектепте оқушылар сапалы біліммен қатар, дәстүрлі тәрбие де алады.
Заманауи, жайлы және инновациялық мектеп! Seitzhan School мектебінде оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сондай-ақ, STEAM заманауи әдістемесі бойынша білім алады. Оқушылар үшін IT, киберспорт, робототехника және маркетинг салаларында білім алуға мүмкіндік қарастырылған.
Мектеп ХХ ғасырдың белгілі білім қайраткері Сейітжан Құртаевтың құрметіне ашылды. Ол замандастарының арасында лайықты беделге ие бола білген азамат. Ташкенттегі физика-математика факультетін бітіріп, туған ауылына оралып, математика мұғалімі болды. Ал кейінірек мектеп директоры лауазымын атқарып, елуінші жылдары мектеп салды. Сейітжан Есжанұлы талантты педагог, өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен ағарту бөлігінде озық идеяларды жеткізуші ретінде танымал болған азамат.
Серікжан Сейітжанов, Seitzhan School мектебінің құрылтайшысы: «Бұл – әкеміздің бізге беріп кеткен білім саласындағы өмірі таусылмайтын еңбек. Сонымен бірге, Ыбырай Алтынсарин айтқандай «Білім-инемен құдық қазғандай» деп, білім алу да, еңбек те бәрі де оңай жолмен келмейді. Білім саласында істеп жатқан жұмыстарымыз әлі де аз деп ойлаймын. Жасап жатқан іс-шара бәрі келешектегі жастарға, солардың білім алып, қанша салалар бар, соның бәріне жастайынан бастап жастарды тәрбиелеу керек. Сол тарапта іске сәт, ақ жол тілеймін!».
Керімжан Сейітжанов, Қоғам қайраткері: «Қазіргі білім – келешек білімді жастардың, білімді саналы ұлттың қолында. Сол келешекке байланысты Бақытжан Серікжанұлы мен Асылжан Әлімжанұлы екеуі осы білім сапасын көтеру мақсатында өздерінің атасының атындағы Сейтжан мектебін ашып отыр».
Seitzhan School мектебінде Шымкенттегі ең үлкен мектеп бассейні, жабық және ашық спорт алаңдары мен спорт секциялары бар. Қосымша даму үшін балаларға домбыра және хореография секілді шығармашылық үйірмелер, тілдік курстар мен тренингтер ұсынылады. Айта кетейік, мектеп «Білім Инновация» қорымен серіктестік аясында ашылды. Оқу орны заманауи білім берудің барлық талаптарына сай келеді.
Ержан Әубәкіров, Білім-инновация халықаралық қоғамдық қорының
вице-президенті: «Білім-инновация қоры Seitzhan School мектебінің құрылтайшыларымен бірге келісімшартқа келіп, олардың сұранысымен басқарушылық-консультативтік қызмет береміз. Барлық оқу-тәрбие жүйемізді осы мектептерде енгізіп, мұғалімдерді оқытып, бағдарлама енгіземіз және ең бастысы мектептің негізігі әкімшілігіне басқарушылық-кеңестік қызмет береміз».
Ержан Бақытбеков, Seitzhan School мектебінің директоры: «Ерекшелігіміз – жаратылыстану пәндері 8-сыныптан әрі қарай ағылшын тілінде оқытылады. Және бізде робототехника, STEАM, Сингапур математикасы деген ерекше сабақтарымыз болады. Бұған қосымша оқушыларымыз тек академиялық жағынан емес, үйірмелерде де ұйымдастырылып, олардың қабілеттерін дамытатын боламыз. Биыл бірінші сыныптан 9-сыныпқа дейін оқушы қабылдайтын боламыз. Әр сыныптан 20 оқушыдан болады».
Мектеп әкімшілігі оқушылар мұнда тек сапалы білім ғана емес, жақсы тәрбие де алатынын айтты. Қазіргі таңда Seitzhan мектебіне оқушыларды қабылдау жүріп жатыр. Мектеп қаланың бірегей жерінде, «Шымсити» көшесі 23/3 мекен-жайында орналасқан.
Ақпарат үшін байланыс телефоны: +7-747-674-99-13
Мекен жайы: Шымсити көшесі 23/3.
ЖШС «OKS-EDUCATION» Мемлекеттік тіркеу жөніндегі анықтама
БИН 200840026468