Шымкенттіктер саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды. 31 мамыр — Қазақстанда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.
1921-1954 жылдар аралағында солақай саясаттың салдарынан елімізде 100 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырап, олардың 25 мыңға жуығы ату жазасына кесілген. Бүгін үшінші мегаполисте саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу рәсімі өтіп, боздақтардың есімі жазылған тақтаға гүл шоғы қойылды.
Гүлдана Дәурен