Түркістан облысының полицейлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру мақсатында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.
Рейд кезінде тәртіп сақшылары автобустардың техникалық жай-күйін, қоғамдық көлік жүргізушілерінің медициналық тексеруден өтуі мен тіркеу құжаттарының болуын тексерді.
«Автобус» іс-шарасының нәтижесінде жолаушылар көлігінің жүргізушілері жол қозғалысы ережесін бұзудың 900-ге жуық құқық бұзушылығын анықтады.
Оның ішінде: жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу – 132 жайт, техникалық байқаудан өтпеу-130, автокөлікті заңсыз қайта жабдықтау-27, рейс алдындағы техникалық байқаудан және медициналық байқаудан өтпеу-28, көлікті басқару кезінде телефонды пайдалану-243, маневр жасау қағидаларын бұзу-156, белгіленген жылдамдықтан асып кету – 22, ҚР міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзу — 44 дерек анықталды.
Сонымен қатар Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жолаушыларға сапар барысында жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.