Тұран ауданында 10 спорт, 13 ойын алаңшасы салынады

131

2023 жылы Тұран ауданында 13 ойын алаңшасы орнатылады. Сонымен қатар, 10 ашық спорт алаңшасы халық игілігіне берілмек. Бүгінде мердігер компаниялар анықталып, бірқатар аумақта құрылыс жұмыстары басталып та кетті.

Тұран ауданына қарасты Бәйдібек би көшесіндегі 246 тұрғын үйде 30 отбасы тұрады. Алайда осы уақытқа дейін мұндағы балалар көрші аумақтардағы алаңшаларда ойнап келген. Бұған дейін балаларына алаңдаған ата-аналардың уайымы сейілді. Себебі, енді үй аумағынан балалар ойын алаңшасы бой көтереді.

Роза Төреқұлова, Шымкент қаласының тұрғыны: «Жобаны көрдім өзім, таныстым. Сметасымен, қандай балаларға арналған ойын элементтері қойылатынын көрдім. Жетпегенін өзім қоса айттым, алдағы уақытта қоса бірігіп, тағы да жетпегенін қосамыз. Керек емес жерін алып тастап, екі жақ бірігіп жақсылап жоспарлаудамыз».

Тек бұл аумақта ғана емес, сонымен қатар Құрсай елдімекенінде де биыл 5 ойын алаңшасы салынады. Жер мәселесі қиындау болғандықтан, алаңшаға арналған жерлер тұрғындардың ұсынысымен бекітілген. Қазір қаржы бөлініп, мердігер компаниялар анықталып, құрылыс басталып та кетті.

Аманжол Бекбол, Тұран ауданы әкімінің орынбасары: «Алғашқылардың бірі болып мемлекеттік сатып алудың жеңімпаздары анықталған. Құрылыс жұмыстары енді басталды. Ұзақтығы 3 ай деп жоспарланған бірақ оған дейін бітіреміз деп жоспарлап отырмыз. Сметалық құны бойынша 28 млн. болса, оған жеңілдік тастап, жеңімпаз мекеме құрылысты бастады. Бұл жерлерде тұрғындардың ұсынысы бойынша, назарға ала отырып, жерді іздестіру жұмысын жүргізіп, Тұран ауданы әкімдігінің атына рәсімдеп, қазіргі таңда сметалық құжаттамасын әзірлеп, мердігер құрылы жұмыстарын жүргізуде».

Тұран ауданындағы абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында жүзеге асырылып келеді. Биыл ауданда 13 балалар ойын алаңшалары салынып, 10 аумақта ашық спорт алаңшасын орнатылады.

Гүлдана Дәурен