Түркиядан келген дәрігерлер ауыр дертке шалдыққан науқастарды қабылдады

39

Түркиядан келген тәжірибелі дәрігелер өңір тұрғындары арасында қабылдау өткізді. Шетелдік медицина мамандары эпилепсияға шалдыққан науқастарға кеңес беріп, ауруды емдеу әдістері бойынша жергілікті дәрігерлермен тәжірибе алмасты.

21 жасатағы Еламан эпилепсияға шалдыққан. Науқасқа емдеу жұмыстарын жүргізу үшін оны Түкиядан келген дәрігердің өзі қабылдап, кеңес берді. Шетелден келген маманның айтуынша, өкінішке орай науқастың дертінен толық айығуға мүмкіндік жоқ. Дегенмен Еламанның анасы үмітін үзбейді. Көз жасына ерік берген ана баласының аяқтан тік тұратынына сенімді.

Мадина Егізбаева,Түркістан облысының тұрғыны: «Балам эпилепсия, тумасынан шалдыққан екі айынан басталған. бірінші кезде ұстамасы болды. Кейінгі алты айынан бастап емдедік. Таблеткамен ішіп жазылған едік, үшінші-төртінші сыныпта қайта басталды, емдетпеген жеріміз жоқ».

Дәрігергердің сөзінше, эпилепсия емделеді. Бірақ ол үшін дер кезінде диагноз қойып, емдеу шараларын жүргізу қажет. Мұндай дертке шалдыққан науқастардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін медицина мамандары бүгінге дейін дәрілік заттармен емдеп келсе, енді операциялық жолмен сауықтыруға мүмкіндік жасалады екен. Түркиядан келген дәрігерлердің сөзінше, аталған дертті хирургиялық жолмен сауықтыру саласын дамыту қажет.

Оскара Джидем, Ыстамбул қаласындағы «Джепарахшара» университетінің кафедра меңгерушісі: «Мұнда эпилептолог дәрігермен қатар нейрохирургтар да бірлесіп науқастарды қарадық. Эпилепсия аурын емдеуде көбіне дәрілік заттарды қолданамыз. Бірақ өкініштісі ауруды емдеуде дәрілер аз. Бірақ эпилепсияны емдеуде хирургия яғни, операция жасау жолы бар. Осы бағытта хирургиялық қызметті дамыту керек деп ойлаймын. Жалпы мұнда науқастарды қабылдаудан бөлек, жергілікті дәрігерлермен тәжірибе алмасып, біліктілігімізді көрсетудеміз».

Айта кетейік, Ыстамбул қаласынан келген дәрігерлер Түркістан облысы және Шымкент қаласының тұрғындарын қабылдады. Эпилепсия мектебі аясында өткен шара екі күнге жалғасты. Түркиялық профессорлар жергілікті дәрігерлредің қатысуымен клиникалық жағаадайларға талдау жасап, тәжірибелерімен бөлісті.