Түркістанға келген туристер салт-дәстүрмен танысты

26

Түлкібас тұрғындары туристерге ұлттық салт-дәстүрлерді таныстырды. «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында ауданның Түркістандағы мәдениет күндері өз мәресіне жетті.

Этноауылда киелі шаһарға келген туристерге түлкібастық өнерпаздар бесікке салу, құда түсу, қыз ұзату, беташар, тұсау кесу сынды әдет-ғұрпымызды таныстырды. Сондай-ақ спорттық ойындардан сайыс ұйымдастырылды.

Айта кетейік, аталмыш фестиваль шілде айының соңына дейін жалғасады. Келесі көшті 26-28 мамыр аралығында Созақ ауданының өнерпаздары өткізбек.