Заңгер кеңесі. Қайтыс болған адамның несиесін кім төлейді?

8674

Өмірден озған адамның артында төленбеген несиесі болса, оны кім төлейді? Бұл сұрақтың жауабын «Отырар» телеарнасы мен Otyrar.kz сайтының заңгері Венера Нұрғалиқызы түсіндіріп берді.

Заңгер пікірінше, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1081-бабына сәйкес, қайтыс болған адамның банк алдында берешек қарызы болған жағдайда, мұрагерлер мұраны қабылдап болған соң банк алдындағы төлемді мұрагерлер төлейді. Ал егер қайтыс болған адамның атында ешқандай жылжитын, жылжымайтын мүлік болмаса және банк пен қайтыс болған адамның арасындағы келісімшартта несиені сақтандыру бойынша тармақтар қарастырылса, демек несиені сақтандыру компаниялары жабуы тиіс.

«Бір ерекше атап өтерлігі, негізі несиенің кепілмен және кепілсіз деген түрлері бар. Банктен кепілсіз несие алған адамның зейнетақы қоры жеткілікті болса, онда несие кейбір банктерде сақтандырылмайды. Керісінше, зейнетақы қоры жеткіліксіз болған жағдайда сақтандыру міндетті түрде жүргізіледі»,-деді заңгер.