89 мыңға жуық жұмыссыз онлайн кәсіптік оқыту платформасында оқыды

42

Жыл басынан бері 89 мыңға жуық жұмыссыз азамат SKILLS.ENBEK.KZ онлайн кәсіптік оқыту платформасында оқыды, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Оның 23 мыңға жуығы курстардан өткені туралы сертификаттар алған.

Платформада жалпы 283,1 мың қазақстандық тіркелген. Курс оқыған жұмыссыздар негізінен Қызылорда, Түркістан, Алматы және Жамбыл облысының жастары.

«Платформа іске қосылған сәттен бастап авторлар 212 курс жариялады, оның 159-і тегін. Курстардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін болды. Ең танымал курстар – «Құлпынайды өсіру», «Құс шаруашылығы», «Ірі қара малды бордақылау» және «Кассир» курстары болды», – дейді министрлік.