06.06.2023 жылы Түркістан облысы Ордабасы аудандық сотының сот залында құқық бұзушы Б-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-1 бабының 1-1 бөлігі бойынша әкімшілік іс қаралды.
Азамат Б., 11.05.2023 жылы Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауылы,Нефтехимик-2 алабы, нөмерсіз үйде жәбірленуші жұбайы Ж-ға қатысты күш қолданып, ұрып-соғып, жәбірленушінің денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірген.
Сотта құқық бұзушы өз кінәсін мойындап, істеген іс әрекетіне өкінетінін айтқан.
Жәбірленуші мен құқықбұзушының өзара ымыраға келіп, татуласуына байланысты сот қаулысымен құқық бұзушы Б., әкімшілік жауаптылықтан босатылды.
Сот қаулысы занды күшіне енген жоқ.