Анасы мен әпкесін ұрған…

132
фото Ұлт

Сарыағаш ауданының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Қазақстан Республикасының Әкімшіліқ құқық бузышылық туралы кодексінің 73-1-бабының 1-1-бөлігімен азамат Ж.М.-ге қатысты істер қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес азамат Ж.М. түнгі уақытта Сарыағаш ауданы Еңкес ауылындағы үйде өзімен бірге тұратын анасы Ж.З. мен әпкесі К.М.-ді мас халде ұрып соғып, денсаулықтарына қасақана жеңіл зиян келтірген.
Сот отырысында Ж.М. кінәсін мойындап, өкініш білдірді. Жәбірленушілер Ж.З. мен К.М. сот отырысында болған оқиғаны растап, мұндай жағдай бұрын да бірнеше рет болғанын көрсетіп, құқықбұзушыға қатаң шара қолдануды сұрады.
Сот қаулысымен Ж.М. ӘҚБтК-нің 73-1-бабы 1-1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу шарасы қолданылды.
Сондай-ақ, сот оның мінез-құлқына 3 ай мерзімге жәбiрленушiлерді iздестiруге, iзiне түсуге, оларға баруға, олармен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсiлдермен байланыс жасауға тыйым салу жөнінде ерекше талаптар белгіленді.
Сот қаулысы заңды күшіне енбеген, дегенмен құқықбұзушы қамаққа алынып, сот белгілеген жазаны өтеуде.