Жетісай ауданындағы Достық ауылында 8 жасар бала суға батып кетті. 2-сынып оқушысы үйден шығып, қайтып оралмаған. Ата-анасы жергілікті тұрғындармен, еріктілермен және полиция қызметкерлерімен бірге іздеуге шықты. Жоғалған баланың киімі мен велосипеді ауылдың шетіндегі суару каналының жанынан табылды. Ал кейінірек суға батқан баланың денесі табылды.
Қанат Қарабалаев, Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы: «22:43-те баланың денесін іздестіру тобы тауып, судан шығарды. Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары, суға түсу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауыңызды сұраймыз».