Ел аумағында 15 мыңнан астам шетел азаматы еңбек етеді

25
Фото: //zt16.ru

Ел аумағында 15 мыңнан аса шетел азаматы  еңбек етеді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Мигранттардың  басым бөлігі – 35 пайызы құрылыс саласында жұмыс істейді.

1500-ге жуық адам ауыл шаруашылығында, 1 мыңнан астам шетел азаматы  тау-кен саласында  еңбек етеді. Өңдеу өнеркәсібінде 960 адам  және ғылыми-техникалық қызметте 976  маман жұмыс  істейді. Шетелдік жұмысшылардың  басым бөлігі Қытайдан келген. Бүгінде көрші елдің 3600-ден астам тұрғыны Қазақстанда табыс тауып жүр.

Сондай-ақ, еңбек нарығында өзбекстандық 1843, Үндістаннан 1741, Түркиядан 1 жарым мың адам бар. Министрлік жыл сайын шетел мамандарын тартуға квота бөліп отыр. Былтыр елдегі жұмыс күшінің санына қарай 22 мыңнан астам адамға ел аумағында жұмыс істеуге рұқсат  берілген.