Елімізде сирек кездесетін альстромерия гүлі Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылында өсіріледі. Жергілікті бағбан Жәмила Ырысова ерекше күтімді қажет ететін сәндік өсімдікті жерсіндіріп үлгерген.
–Тұқымын Өзбекстаннан тапсырыспен алдырдым. Негізінен, перу лалагүлі – Оңтүстік Америка мен Голландияда ғана өсетін нәзік гүл. Бір рет егілген өнім үш жыл бойы өнім береді, – деді Ж. Ырысова.
Бұл кәсіппен 6 жылдан бері айналысып келеді. Мұнда 3 түрлі гүл өседі. Басым бөлігі осы «альстромерия» деп аталатын гүл. Алғашқыда үй ауласында гүл өсіруден басталған кәсіп бүгінде отбасылық бизнеске айналған. 6 сотық жылыжайдың аумағы 22 сотыққа ұлғайған. Отбасының барлық мүшесі осы жылыжайда еңбек етіп, нәпақасын тауып отыр.