Есірткіге масаң күйде көлік басқарған тұрғын 7 жылға жүргізуші құқығынан айырылды

60

«Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында рейд жүргізу барысында патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Назарбеков пен Бәйтереков көшелерінің қиылысында Toyota Camry автокөлігін тоқтатты.

Көлік құралын тізгіндеген ер адамның әрекеті полицейлердің күдігін тудырды. Тексеру барысында көліктің ішінен қағазға оралған кептіріліп, ұсақталған есірткі өсімдігі және ұнтақталған синтетикалық есірткі салынған 2 дана гриппер-пакет анықталды.
 Медициналық куәландырудың нәтижесі 24 жастағы жүргізушінің есірткілік масаң күйде болғанын растады. Аталған құқық бұзушылықты жасағаны үшін оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен хаттама толтырылды. Сәйкесінше, азамат 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жылға жүргізуші құқығынан айырылды.
 Есірткі құралдарымен заңсыз жұмыс істеу жайты бойынша Қаратау АПБ-ның анықтаушылары тергеп-тексеру әрекеттерін жүргізуде.