Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес ағымдағы жылдың 19-25 маусым аралығында Түркістан облысының аумағында «Заңсыз келуші» республикалық жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді.
Негізгі мақсат-шетелдіктер жасаған немесе оларға қатысты қылмыстардың алдын алу және болдырмау, ҚР аумағында заңсыз жүрген шетел азаматтары мен көші-қон заңнамасын бұзушыларды анықтау.
Шараның 3 тәулігінде полиция қызметкерлері «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңы талаптарын бұзған 711 шетелдіктер мен Қазақстан Республикасының азаматтарын анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы «Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша 506 шетелдікке шара көрілді.
Мәселен полиция қызметкерлері Сайрам ауданында көші-қон заңын бұзғаны үшін 8 жеңіл жүрісті қызды, яғни Өзбекстан Республикасының азаматтарын сот шешімімен елден шығарды.
Ал Келес ауданында уәкілетті органның рұқсатынсыз құрылыс жұмыстарымен заңсыз айналысқан көрші мемлекеттің 15 азаматы анықталды, олар да әкімшілік тәртіппен республика аумағынан шығарылды.
Осы бағыттағы профилактикалық іс-шаралар жалғаса береді.