Көршісіне пышақ сұққаны үшін сотталды

49
фото Массагет.кз

Сотталушы М.Б-ға қатысты денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды. Бұл туралы Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты хабарлады.

Сотталушы М.Б. 2022 жылы 14 желтоқсанда сағат 01:30 шамасында Түркістан облысы, Түлкібас ауданында мекен-жайына қарама-қарсы бетте орналасқан үйінде танысы кәмелетке толмаған жәбірленуші Ж.З-мен жолығып, әңгіме барысында екеуінің арасында туындаған бас араздық салдарынан сөздері жараспай ерегесіп, арты төбелеске ұласқан. Төбелес барысында, М.Б. бұзақылық ниетпен көрінеу кәмелетке толмаған жәбірленуші Ж.З-нің денесіне қасақана үш рет пышақ сұғып оның денесіне қасақана ауыр дәрежелі дене жарақатын салған.
Сотталушының кінәсі сот сараптамаларының қорытындыларымен, жәбірленушінің жауаптарымен, қылмыстық іс бойынша басқа дәлелдемелермен және сотталушының кінәсін мойындаумен сәйкес келді.
Жаза тағайындау кезінде сот сотталушының қылмыс жасаған кезде сотталушы 18 жасқа толғанын ескерді, сотталушы М.Б жәбірленуші Ж.З-нің денсаулығына «ауыр» дәрежелі зияң келтірумен байланысты ауыр қылмысты жасаған. Осыған байланысты сот сотталушыны кінәлі деп тапты.
Мұндай жағдайда, сот сотталушы М.Б-ға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 68-бабының 2-бөлігін қолдануға негіздер жоқ деп тапты.
Сот сотталушы М.Б.-ды ҚК-і 106-бабының 2-бөлігі 7), 11) тармақтарында 6 (алты) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.