Өңірлер арасында ақшалай кірістің ең төменгі көрсеткіші Түркістан облысында

36
Түркістан облысының халқы мерекеде

Finprom.kz-тің мәліметі бойынша, 2022 жылдың төртінші тоқсанында халықтың жан басына шаққандағы орташа ақшалай кірісі 252,4 мың теңге болған. Бұл 2021 жылға көрсеткіштен 17,7% көп деген сөз.

Ресурстың мәліметінше, 2021 жылы қазақстандықтардың жан басына шаққандағы ақшалай кірісі 214,5 мың теңге болған. Бір қызығы 2021 жылдың ақырғы тоқсанында халықтың ақшалай шығыны да 214,5 мың теңге екені тіркелген. Ал 2022 жылдың осы кезеңінде шығын көрсеткіші 15,1% артып, 246,8 мың теңге болған.

Өңірлер арасында ақшалай кірістің ең жоғары мәні Астанада тіркеліп отыр – жан басына шаққанда 357,3 мың теңге. Екінші орында Қарағанды облысы – 354,9 мың теңге. Алғашқы үштікті Ұлытау облысы түйіндеп тұр – 339,1 мың теңге.

Ең төменгі көрсеткіш Түркістан облысында – 163,3 мың теңге.

Сондай-ақ, 6 өңірде халықтың ақшалай шығысы кірісінен асып түскен. Алматы болысында халықтың жан басына шаққандағы ақшалай кірісі шығынынан 14,8% аз болған. Жетісу облысында бұл көрсеткіш 14,5%, Шымкентте 8,6%, Алматы қаласныда 8,2%, Түркістан облысында 8%, Жамбыл облысында 5,2%.