Ономастика комиссиясына 95 көше мен 14 нысанға ұсыныс жолданды

43
Көшенің негізгі атауы

Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге, елді мекендердің құрамдас бөлiктерiне және мемлекет меншігіндегі басқа да обьектілерге атау беру, қайта атау беру жұмыстарын жүргізуді және заңнамада көрсетілген талаптарды басшылыққа алып, қадағалайды.

 

Басқарма басшысы Сәкен Шакеевтың айтуынша  Шымкент қаласында ономастика комиссиясының дербес құрамы 2023 жылдың 5 маусымда №48-Ө өкіммен бекітілген. Шымкент қаласының құрамдас бөлiктеріне атау беру және қайта атау үшін қала тұрғындарынан және аудан әкімдіктерінен ұсыныстар түсіп, Шымкент қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 3 сәуірдегі №726 қаулысы және Шымкент қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 сәуірдегі №2/18-VIII бірлескен шешiмiмен 132 құрамдас бөліктерге атау беріліп, «Мекенжай тіркелімі» жүйесіне енгізілді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясына келісімін алу үшін 95 көше мен мемлекет меншігіндегі 14 объектілерге ұсыныс жолданды.

Сонымен қатар, қосымша 197 құрамдас бөлікке Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының келісімін алу үшін жергілікті әкімдікпен мәслихаттың бірлескен шешімі 2023 жылдың 14 маусымда қабылданды. Алдағы уақытта тиісті жұмыстар жалғасын табатын болады.