Полицейлер заңсыз ақша айырбастау фактілерінің жолын кесті

32

Рейд барысында Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен Жергілікті полиция қызметі полицейлері бірлесіп, Сарыағаш ауданындағы «Жібек жолы» кеден бекетінен заңсыз ақша айырбастаумен айналысатын 9 азаматты анықтады.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 7 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ 2 құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабы бойынша жауапқа тартылып, айыппұл салынды.