Қолданыстағы заңнамаларда қайшылықтар көп

22
Мәжілісмендер валюта заңнамасын бұзған банктерге салынатын айыппұлдың мөлешрін талқылады

Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Конституциялық Соттың төрағасы Эльвира Азимова есебінде қолданыстағы заңнамаларда қайшылық көп екенін атап өтті.

Айтуынша, 18 нормативтік қаулының бесеуінде нормалар конституциялық емес деп танылған. Сондықтан, негізгі заңға сай келмейтін нормалар жойылады. Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамаларға мониторинг жүргізу ұсынылды. Конституциялық Сот төрағасының бұл пікірімен Парламент Мәжілісінің депутаты Үнзила Шапақ та келіседі.

Үнзила Шапақ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: «Бұл мәселе өзі тұрақты көтеріліп келе жатыр. Өткенде мен өзімнің депутаттық сауалымда да айтқан болатынмын. Қазақша, орыс тіліндегі заңнамаларды қарастырған кезде бір үлкен ревизия жасау керек деп. Сондықтан қолданыстағы, барлық нормативтік-құқықтық актілерге белгілі бір критерийлер анықтап, ревизия жасау қажет болып тұр».