2023 жылғы 31-ші мамырда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаменті полиция органдарымен бірге Қырғызстаннан Қазақстанға бет алған қазақстандық азаматшаны ұстады. Жеке тексеру барысында оның бойынан жалпы салмағы 700 граммға жуық «героин» есірткі заты табылды.
Күдікті әйел тәркіленген затымен бірге процессуалдық шешім қабылдау үшін Жамбыл облысы Полиция департаментіне тапсырылды.