Шетел азаматы бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды

25
фото Толқын

Сарыағаш ауданының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен Өзбекстан Республикасының азаматы М.М.-ге қатысты әкімшілік ісі қаралды.

М.М. 2023 жылғы 29 мамырда сағат 15.00 шамасында Сарыағаш қаласында орналасқан сауда орталықтардың бірінде, яғни қоғамдық орында болмашы себеппен жәбірленуші У.Д.-ны балағаттап, ұсақ бұзақылық жасаған.
Іс бойынша азамат М.М. кінәсін жартылай мойындап, сол күні жәбірленуші У.Д-мен араларында түсінбеушілік орын алғандығын айтып көрсетті. Жәбірленуші У.Д сот отырысында болған оқиғаны растап, М.М.-ді кешірмейтінін айтып, оған қатаң жаза тағайындауды сұрады.
Сот қаулысымен М.М. ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу шарасы қолданылған.
Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.