Шымкент тұрғындары пирамидаға 83 млн. теңгесін салған

41

Шымкентте 40-тан астам тұрғын пирамидаға 83 млн. теңге қаржы салған. Оқиға 2022 жылдың қыркүйегінде басталып, 2023 жылдың сәуіріне дейін жалғасқан. Қазір дәрілік препараттар сатумен айналысқан «Chia Tai Tianging Group» қаржы пирамидасына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Күдікті үй қамаққа алынды. Мамандар басқа да ақпарат ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайтынын айтады.

Әлібек Әбділов, ҚР ҚМА ресми өкілі: «Chia Tai Tianging Group» қаржы пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті жүргізіп жатыр. 2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың сәуіріне дейін Шымкенттің 40-тан астам тұрғыны қаржы пирамидасына 83 млн теңге салған. Қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастыратынын ескертеміз”