Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы қаламыздағы 21 мекеменің қызметін қадағалайды. Басқарма басшысының сөзінше, «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы жыл басынан бері 64 мәдени іс-шара ұйымдастырған. Оны 188 мың 375 көрермен тамашалаған.
Басқарма басшысы мәдениет нысандарын күтіп ұстауға жергілікті бюджеттен қаржы қаралғанын айтты. Ағымдағы жылдың қазан айында пайдалануға берілетін Конгресс хол ғимаратының мүмкіндігін толық пайдалану үшін қазірден арнайы жоспар түзілгенін жеткізді.
Архив саласында да оң нәтиже бар. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2023 жылы 576 000 құжатты цифрландыру жоспарланған. Жыл басынан бері оның 240 509-ы цифрландырылған. Есепті кезеңде архивтік құжаттарды пайдалану және жарыққа шығару мақсатында фейсбук, инстаграм желілерінде «Архив тынысы», «Дара тұлғалар», «Архив құжаттары сөйлейді», «Шымкент қаласының Құрметті азаматтары» айдарлары бойынша – 116 жариялым жасалған.