Шымкентте 6 жасар бала 3-қабаттан құлап кетті

60
фото Толқын.кз

 

Есепті кезеңде Шымкент қаласында терезеден құлау бойынша 3 жағдай тіркелді, барлық жағдайда балалар жарақат алған. Өткен жылмен салыстырғанда осы кезеңде терезеден құлаумен байланысты жазатайым оқиғалар саны төмен. Дегенімен терезеден құлау фактілері әлі де орын алуда.

Жедел жәрдем қызметінен 26 маусымда сағат 20:25-те Еңбекші ауданы Орынбай ақын көшесінде орналасқан бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйде ересектердің қарауынсыз қалған 2017 ж. т. ұл бала үшінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлаған. Ауруханаға жеткізілген, қазіргі таңда жансақтау бөлмесінде, жағдайы ауыр.

Құрметті ата-аналар! Абай болыңыз, балаларды қараусыз қалдырмаңыз!
Балалардың терезеден құлауының алдын алу үшін қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін еске саламыз.

1. Терезелерді ашық қалдырмау керек, өйткені бір секундка болсын алаңдап қалу баланың өміріндегі соңғы сәт немесе мәңгі жазым болып қалуы мүмкін.
2. Терезе торларын тиісті қорғаусыз қолдануға болмайды. Бала алдында белгілі бір кедергіні көреді және ол оған сенімді сүйенеді, ал оның нәтижесінде ол бір жасар баланың салмағына да арналмаған тормен бірге құлап түсуі мүмкін.
3. Баланы терезенің жанында ойнауға рұқсат бермеңіздер.
4. Балаларды бір сәткеде қараусыз қалдырмаңыздар.