Шымкентте былтыр 7 адам Конго-Қырым қызбасын жұқтырған

51

Шымкентте былтыр Конго-Қырым қызбасына шалдығудың 7 жағдайы тіркелген. Биыл жыл басынан бері адамдар арасында ауру белгілері байқалмаса да, Қайнарбұлақ ауылында 7 кенеден инфекция анықталды. Қазір аймақ ерекше қорғауға алынған. Қосымша залалсыздандыру жұмысы жүргізіліп жатыр.

Былтыр Шымкентте 7 адам Конго-Қырым қызбасына шалдығып, 2 адам қаза тапқан. Биыл аталған ауруға байланысты ешқандай дерек тіркелмеген. Қазір аурудың алдын алу мақсатында залалсыздандыру жұмысы жүргізіліп жатыр.


Сәуле Сапарова, ҚР ДСМ «ҰСО» ШЖҚ РМК Түркістан облысы дезинфекция орталығы директорының орынбасары: «2023 жылы көктемгі 1 кезең өңдеу жұмысы 19-21 сәуір күндері жүргізілді. Өңдеу жұмысына ҚР және Еуразиялық экономикалық аймағында рұқсат етілген 3 сынып, яғни қауіптілігі орташа, 4 сынып – қауіптілігі аз препараттар қолданылады. Шымкентте кенелермен күрес үшін шығын көлемі 2 жарым есеге көбейтілген»

Залалсыздандыру жұмысына бюджеттен 57 млн. теңге бөлінген. Қазір 6 бригадада 18 қызметкер энзоотиялық жұмыстың 1 кезеңін аяқтады. Нәтижесінде 2 млн шаршы метр қоражайға дәрі себілді.

Талғат Мекамбаев, Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары: «Энзоотиялық жұмыстар көктемде және күзде жасалады. Кенеге қарсы шаралар 95 мың ірі қараға, 88 мың ұсақ малға және 2 млнға жуық шаршы метр саябақтарда жүргізу жоспарланған. Қазір жоспар толық дерлік орындалды»

Ал қала аумағында 2850 кене жиналып алынды. Оларға жасалған сынама нәтижесінде паразиттің 3,2%-ынан инфекция анықталған. Мамандар энзоотиялық іс-шаралардың арқасында кенелердің саны азайғанын айтады. Биыл жиналған зиянкестің 54 пайызы табиғат аясынан табылған.

Жұмағұл Медетов, ҚР ДСМ «ҰСО» ШЖҚ РМК Түркістан облысы бойынша филиалының санитарлық дәрігері: «Негізінен вирусты тасымалдаушы иксод кенелері. Оның ішінде диалома түрі вирусты тасымалдаушы болып табылады. Біз осы түрін жинадық. Өткен жылы 99 пайзы гиолома болса, биыл 100 пайыз диолома түрі кездесіп отыр»

Жыл басынан бері 232 тұрғынды кене шаққан. Олардың басым бөлігіне зиянкес көкке демалысқа шыққанда жабысқан. Бұл былтырмен салыстырғанда 80 адамға аз. Мамандар бұл жыл сайынғы тұрақты жүргізілген жұмыстың нәтижесі екенін айтады.

Айгүл Тұрымбетова, Шымкент қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары: «Конго-Қырым қызбасының алдын алу мақсатында санитарлық қорғау аймақтарын құрып, 2 дүркін залалсындандыру жұмысы жүргізіледі. Сонымен қатар ветеринарлық салада да қатар залаласыздандыру жұмысы жүргізіліп отыр»

Қазір үшінші мегаполисте 11 қолайсыз елді мекен бар. Бұл аймақтар Конго-Қырым қызбасы инфекциясының анықталғанына байланысты бекітіледі. Атап айтқанды жыл басынан бері Қайнарбұлақта 7 кенеден ауру белгісі анықталды. Сондықтан тұрғын алап санитарлық қолдауды қажет ететін аймаққа енді.