Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы ұсталды

40

 Тәртіп сақшылары ер адамды «Заңсыз келуші» ЖПІШ-нің бірінші күнінде құрықтады. Қазіргі таңда, оны көрші мемлекетке экстрадициялау шаралары жүргізілуде.

 Айта кетейік, 19-маусымнан бастап республика көлемінде көші-қон заңнамасын бұзушыларды анықтауға және оның жолын кесуге бағытталған жедел-профилактикалық іс-шара өткізілуде.
 Аталған шара аясында Шымкент қаласы ПД Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлерімен 4 шетелдік азамат Қазақстан Республикасы аумағынан аластатылды. Бұған дейін оларға қатысты мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабында көзделген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін, оларды елден аластату туралы шешім шығарған.
 «Заңсыз келуші» іс-шарасы аясында қала аумағында шетелдік азаматтардың заңсыз болу жайттарын анықтау үшін полицейлер шаһардағы құрылыс объектілерін, коммуналдық үйлерді, базарларды, жатақханалар мен көпшілік жиналатын орындарды тексерді.
Осы орайда шымкенттік полицейлер шетелдіктерді уақтылы тіркемеу және шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарту немесе пайдалану ҚР ӘҚБтК-нің 518 және 519-баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.