Шымкентте кортежге қатысқан 17 жүргізуші жауапкершілікке тартылды

65

 Шымкент полицейлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында мегаполис көшелерінде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған көлік кортежі түсірілген видеоны анықтады.

 Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері кортежге қатысушылардың барлығын, атап айтқанда 17 шетелдік автокөлік иелерін анықтап, оларды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Нәтижесінде, «Toyota Camry» автокөлігінің 3 жүргізушісіне, « Land Cruiser 200» автокөлігінің 5 тізгіндеушісіне, Lexus-тің екі және «Kia» көлігінің екі жүргізушісіне, сондай-ақ «Mersedes Benz» және «Jac» автокөліктерінің тізгіндеушілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белбеуін пайдалану ережелерін сақтамау» бойынша хаттама толтырылды.
 ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы «маневр жасау ережелерін бұзу» және әйнектерді күңгірттегені үшін 590-бабы «Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу» бойынша екі «Toyota Camry» жүргізушісі жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ, «Mersedes Benz Е270» автокөлігінің тізгіндеушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 630-бабы «Жолдарды және басқа да жол құрылыстарын бүлдіру» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
 Шымкент полицейлері көлік жүргізушілеріне жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жол қозғалысына қатысушылардың барлығына құрметпен қарауды ескертеді.