Шымкентте жылыту маусымына дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

75

Шымкентте жылу электр орталығының тозу деңгейі 37 пайызға төмендеді. Соңғы үш жылда жылу жүйелерін жандандыруға 3 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінген. Биыл бұл бағытта 6,3 млрд. теңге бөлініп отыр. Қала әкімі Мұрат Әйтенов жылу қазандықтарының да күрделі жөндеуден өтіп жатқанын жеткізді.

Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: «2020 жылы бізде жылу берудің жағдайы нашар еді. Әсіресе мына, ТЭЦ Кеңес одағы кезінен келе жатқан. Тозығы 60 пайыздан аса болған. Сол үшін ол жердегі мердігерлер кезінде 150 млн. теңге тозығы жеткенге қаражат бөліп отырса, әр жылдан 1 млрд-тан, өткен жылы 3 млрд-тан бөліп отыр. Оған қазандықтарды күрделі жөндеуден өткізеді. Жүйелер қаламызда 848 шаршы метрдей бар».

Баспасөз жиынында мегаполис басшысы қала тұрғындарын жылу маусымына қазірден бастап дайындық жүргізуге щақырды. Ал әкімдік тарапынан 3 рет халықпен кездесу ұйымдастырылып, көпқабатты үйлер мен өзге де нысандарға тексеру жүргізілген.

Мемлекет тарапынан жалпы әкімшілікте біз үлкен көпқабатты үйлерде, тозығы жеткен ғимараттарда, басқа мекемелерде жылу маусымына дайындықты жүргізіп жатырмыз. Біз мұны қыркүйектің соңына дейін жасаймыз. Бірақ, бұл әрбір көпқабатты үйлердің тұрғындарының өзінің жауаптылығы. Көп тұрғындар оның маңыздылығын түсінбей қазірден дайындық жасамайды да, ертең қыс келген кезде оның бәрін әкімшілікке жүктейді. Ол дұрыс емес, қазірден жылу маусымына дайындалу керек.

Гүлдана Дәурен