Түлектер кітапханаға 73 кітап тарту етті

80

Шымкенттік түлектер ақпараттық білім беру орталығына 73 кітапты тарту етті. Шара А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапхананың «Алтын қорға үлес қос» жобасы аясында жүзеге асты.

Акцияға үшінші мегаполистегі № 59, 115, 53, 42, 47, 120, 26 – шы және Арыс қаласы Садықбек Адамбеков атындағы мектептің бітіруші түлектері қатысты. Олар мекемеге жастар арасында сұранысқа ие әдебиеттерді сыйға тартты. Айта кетейік, кітапханада балаларға арналған 529 әдеби кітап бар. Оның 389-ы мемлекеттік тілде.